1.10.2024, 23:56
Оқылды: 7

Қариялар күніне орай Казталовта рухани кеш өтті

Бүгін 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай Казталов аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен "Ата жолы ақ бата" атты қонақжай кеші өтті. 

image-01-10-24-11-40-1

"Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас" деп ата-бабамыз бекер айтпаса керек. Себебі бата адамның рухын биікке көтеріп, келешекке қарай жетелейді. Рухани кешке Казталов ауданының ардагерлері, "Гүлдерайым" әжелер ансамблі, зағип және мүмкіндігі шектеулі жандар және А.Оразбаева атындағы ЖОББМ-нің оқушылары қатысты.

Кеш барысында аудан көркемөнерпаздары әсем әндер шырқап, күмбірлете күй орындады. Ақсақалды қариялар мен ақжаулықты әжелер "Ана туралы" әнді шырқап, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

Кеш соңында қарияларымыз ақ баталарын берді.

Гүлнұр Бөлешова ,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале