13.03.2024, 15:45
Оқылды: 64

Қарияларға қолғабыс көрсетті

«Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтылмаса керек. Ата-бабадан жалғасып келе жатқан қазақ халқының өнегелі қасиетінің бірі – қариясын құрметтеу. Көктем келіп, қардың еруіне байланысты Бәйтерек ауданы Садовое ауылының Пригород мектебінің жоғары сынып оқушылары қарт кісілерге аулаларының қарын күреуге көмектесіп, «Жақсылық жасап жарысайық» акциясына белсене қатысты.

IMG-20240313-WA0043

Жыл сайын өткізіліп отыратын акцияның басты мақсаты – зейнеткерлерге және мұқтаж жандарға көмек көрсету. Жалғызбасты зейнеткер әжелер Қанапия Иманқызы мен Галина Бакасова ауласының қарын ашуға көмек көрсеткен оқушыларға алғысын білдірді.

- Біз осындай мейрімді жастардың барына қуанамыз. Ізгі акциялар жиі ұйымдастырылып тұрса дейміз. Көктемде қар аршып, көмектесіп жатқандарына ризамыз. Жас келген соң бойдан қуат кетеді. Ал жеке үйді тастап көпқабатты үйге көшкіміз келмейді. Қара шаңырақ ыстық, - дейді кейуаналар.

Салтанат Зұлқарнаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале