Сырым аудандық пробация қызметі мен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында Жымпиты ауылы қарияларының үй шаруаларына жәрдем берді.
Еріктілер қатарында жастар және қоғамнан оқшаулауға байланысты емес сотталғандар бар. Олар қарттардың аула-шарбағын түзеп, үйінің маңын ретке келтіру арқылы қоғамға үлес қосты деуге болады.
Қариялар алғыстарын айтып, баталарын берді.
Д. Дәуренов,
Сырым аудандық пробация
қызметінің аға инспекторы