14.03.2022, 15:15
Оқылды: 62

Қарияларға көрісіп, батасын алды

Көктемнің алғашқы айы наурыздың 14 күні біздің Батыс өңірінде көрісу мерекесі тойланады. Осындай нақышты мерекемен қатар алғашқы жұмыс күнін бастаған Казталов ауданының əкімі Рүстем Зұлқашев тыл, еңбек ардагерлермен көрісіп, қариялардың ақ батасын алды.

IMG-20220314-WA0045

Кезінде ауданымыздың мəдениеті мен білім саласына жəне əлеуметтік-экономикалық дамуы жолында қызмет жасаған, бүгінде сексен мен тоқсанның төрінен орын алған, Казталов ауылының тұрғындары, тыл, еңбек ардагерлері Болан Арыстанбекова, Жəния Аронова, Ұлболсын Сисенғалиева, Сəуле Ғалымова, Ешмұқан Меңешевтердің шаңырағына арнайы барған аудан əкімі Рүстем Зұлқашевпен бірге аудан əкімінің орынбасары Зəйлім Мажитова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Шакуов, Казталов ауылдық округінің əкімі Ернар Ғалымов та болды.

IMG-20220314-WA0044

Келген қонақтарға ақ дастархан жайып, наурыз көжеден дəм ұсынған қариялар: "Келесі Наурызға дейін аман отырайық! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!" - деген бата-тілектерін жолдады.

IMG-20220314-WA0046

IMG-20220314-WA0047

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале