«AMANAT» партиясы ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Halyk Bank-пен» бірлесіп «Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылық жобасын іске қосты.
Шыңғырлау ауданындағы «AMANAT» партиясы ғимаратында жоба аясындағы оқу басталды.
Бес күндік оқу бағдарламасы несие бойынша қарыздары бар және борышкерлер тізімінде тұрған, дәл қазіргі уақытта несиесі бар, бірақ мерзімі өтіп кеткен берешектері жоқ азаматтарға, жеңілдікпен несие алып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған.
Сондай-ақ қаржылық сауаттылығымды арттырамын деген кез келген адам қатыса алады.
Курстың жетекшісі, қаржы сарапшысы, жоба менторы Анархан Құттығалиева отбасылық қаржыны тиімді жұмсау, кіріс-шығысты басқару, кәсіп бастау, несиелерден құтылу, алаяқтардан сақтану, тағы да басқа әр адамның білуі қажет ақпараттармен бөлісіп, оқытады.
Гүлжазира Асу,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz