8.02.2024, 22:00
Оқылды: 82

“Қарызсыз қоғам" жобасы: Сырым ауданы тұрғындары үшін тегін оқыту курсы басталды

Халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы биыл барлық өңірде жүргізілуде. Ақпан айынан бастап облыстық және республикалық маңызы бар 3 қала бойынша 150 қаржы сарапшысы тегін оқыту курсын бастады.

image-08-02-24-06-06-2

Аталмыш оқыту курсы Сырым ауданы тұрғындарына да қолжетімді.

Спикер, қаржы сарапшысы, PhD докторы Анархан Құттығалиева апта басында сырымдық ағайынға түсінік жұмыстарын жүргізіп, қабылдау өткізуді бастап кетті. Оқыту курсы 3 аптаға жоспарланған.

image-08-02-24-06-06-1

Спикердің сөзіне сүйенсек, “Халықтың шамадан тыс несие алуы – өте өткір мәселе. Миллиондаған адам көмек пен қолдауға зәру. Еліміздегі экономикалық белсенді халықтың 15%-дан көбінде 90 күннен астам уақыт төленбей келген несие берешегі бар. Еліміздің барлық өңірінде халықтың қаржылық сауатын арттыруды көздейтін жаппай оқыту курсы басталды. Аталған жобада несие бойынша берешегі бар және борышкерлер тізімінде тұрған ауыл тұрғындары, қарызы бар және оның мерзімін өткізіп алған азаматтар, мемлекеттен жеңілдікпен несие алуға үміткер кәсіпкерлер оқудан өте алады.

image-08-02-24-06-06

“Қарызсыз қоғам" жобасы өте ауқымды және уақытылы қызмет, оларға жүктелген халықтың қаржылық қиындықтарын жеңілдететін әлеуметтік миссияның бір түрі. Халықтың қаржылық сауатсыздығына байланысты жиі кездесетін проблемалар қатарына алаяқтықтың өсуі жатады. Алаяқтар қаржы мәселелерінен хабары жоқ азаматтарды түрлі тәсілдермен алдауға тырысады. Борышкерлердің қатарында алаяқтарға пин-код, карта нөмірін және басқа деректерін беріп, сан соғып қалатындары да бар. Курсқа қатысуға ниет білдіріп келген аудан тұрғындары айтылған мәселелермен толық танысып, қаражатты қалай жұмсау туралы толыққанды ақпараттарын ала алады” деді.

Айта кетейік, курс “Amanat” партиясы ғимаратында өтеді.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале