Ұлттық валюта – теңге күні және еліміздің қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді. Қазақстан теңгесі — Қазақстанның ұлттық валютасы. Осыған орай аудан әкімі Марат Тоқжанов аудан қаржыгерлерін мерекелерімен құттықтады.
- Құрметті аудан қаржыгерлері, өздеріңізді бүгінгі келіп жеткен төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Ұлттық валюта - еліміздің тәуелсіздігінің, дербестігінің, ел экономикасының айқын дәлелі. Ол тек ақшаға қатысты мереке емес. Бұл ел экономикасы мен саясатына қатысты мереке. Өйткені қазір армандарыңды жүзеге асыру үшін міндетті түрде қалтаңда қаржы болу керек. Осы қаржының әрдайым тұрақты болуына жауап беретін алдымен тұрғындар болса, екінші өзіңіз. Бүгінгі кезге дейін еңбегіңізді көріп келеміз. Алдымен бюджеттің жиналуы одан кейін кезегімен бюджетті керек бағдарларға бөлуге өзіңіз тікелей атсалысып жүрсіз. Әрқайсыңыздың орыныңыз біз үшін бөлек. Бөлінген қаржының оңды-солды шашылмауына тікелей атсалысып отырған мына өзіңіз. Бүгінгі атқарып жатқан жұмысыңыздың жемісін көріңіз. Өзіңізге қарап, жас қаржыгерлер үлгі алсын. Шәкірттеріңіз көп болсын,- деген аудан әкімі Марат Лұқпанұлы қаржыгерлерге алғыс хаттар мен гүлшоқтарын табыстады.
Қаржы министрі атынан алғыс хат ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ерлан Туксумбаевқа табысталды. Облыс әкімі атынан алғыс хатпен аудандық экономика және қаржы бөлімінің бюджеттік жоспарлау және бюджеттік есепті жүргізу секторының меңгерушісі Айнұр Бикеева, аудандық мемлекеттік сатып алулар бөлімінің бас маманы - есепші Гүлнар Кенжеғұлова, аудандық қазынашылық басқармасының бас маманы - бас қазынашысы Александр Фадин, аудандық қазынашылық басқармасының бас маманы - бас қазынашысы Рафшан Адилова марапатталды. "Қызмет" мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының "Белсенді қызметі үшін" төсбелгісі аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Анна Силантьеваға, Переметный ауылдық округінің бас маманы - есепші Мария Варловаға табысталды. Аудан әкімі алғыс хатымен Зеленый ауылдық округі аппаратының бас маманы - есепші Эльмира Сукпусунова, Дариян ауылдық округі аппаратының бас маманы - есепші Аида Ильжанова марапатталды.
Салтанат Серікбайқызы,
zhaikpress.kz