15.11.2025, 17:30
Оқылды: 72

Қаржыгерлерге құрмет көрсетілді

Ұлттық валюта күні орай Бәйтерек ауданы әкімі Марат Тоқжанов бәйтеректік қаржыгерлермен кездесіп, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

IMG-20251115-WA0007

— Ұлттық валюта – еліміздің тәуелсіздігі мен дербестігінің, экономикамыздың берік негізінің айқын белгісі. Бұл – тек қаржыға қатысты мереке емес, елдің даму бағыты мен саясатына да тікелей қатысы бар маңызды күн. Бүгінде кез келген арманды жүзеге асыру үшін тұрақты қаржының болуы аса қажет. Ал осы тұрақтылықты қамтамасыз ететін — бір жағынан тұрғындар, екінші жағынан – сіздерсіздер. Бюджетті толықтыру, бөлінген қаржыны жүйелі жоспарлау, оның мақсатты және тиімді жұмсалуын қадағалау ісінде еңбектеріңіз айрықша. Әрқайсыңыздың атқарып отырған қызметтеріңіз біз үшін маңызды,- деген Марат Лұқпанұлы кәсіби мереке иелеріне алғысхат пен гүл шоқтарын табыстады.
Атап айтсақ, аудандық білім беру бөлімінің бас экономисті Лидия Видершап, аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Юдина облыс әкімінің алғысхатын иеленді.

IMG-20251115-WA0008
Щапов ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маман-есепшісі Наталья Токарева, Көшім ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі Айгүл Хангереева, аудандық мәдени-демалыс орталығының экономисті Гүлмира Бахметова, аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маман-есепшісі Алтынай Өтегенова облыстық қаржы басқармасының басшысының алғысхатымен марапатталды.

IMG-20251115-WA0011
Ал аудан әкімінің алғысхатын алғандар ішінде аудандық мемкірістер басқармасының бөлім басшысы Данияр Сатанов, Белес ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі Роза Любавина, «Бәйтерек» спорт клубының бас маман-есепшісі Сәния Нигимова, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маман есепшісі Дина Жулиева, Янайкин ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маман-есепшісі Жанар Жадырова бар.

IMG-20251115-WA0012
Бұл марапаттар – тек мерекелік құрмет емес, қаржылық тәртіпті сақтаудағы, тиімді жоспарлаудағы және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі дәлдік пен тиянақтылыққа берілген әділ баға десек артық болмас.

Гүлім Орда
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале