17.11.2022, 19:04
Оқылды: 48

Кәсіби сала мамандары марапатталды

Жыл сайын еліміз бойынша қараша айының үшінші жексенбісі ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні болып аталып өтіледі. 

Ауыл ш күні (1)

Бұл мереке мал шаруашылығымен, бау-бақшамен айналысатын, азық-түлік өнеркәсібінде жұмыс жасайтын еліміздің және өңіріміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талмай үлес қосып жүрген жандардың еңбегін бағалайтын күн. Сол себепті Жаңақала ауданы орталығындағы «Асылым» мейрамханасында атаулы мерекеге орай салтанатты жиын өтті. Шараға аудан әкімі Дархан Закарин, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қажиев, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Светлана Бекқалиева, ауылдық округ әкімдері және бірқатар шаруа қожалықтарының өкілдері қатысты. Қонақтарды төл мерекелерімен құттықтау үшін аудан әкімі Д.Әмірханұлы сөз кезегін алды.

Ауыл ш күні (6)

- Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты. «Елдігімізді еселеп, мемлекеттігімізді нығайтқан осы жылдардың ішінде ауыл шаруашылығы саласы мемлекеттiк қолдаудың арқасында жаңа деңгейге көтеріліп, ел экономикасын дамыту мен ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырудағы жетекші күшке айналды.

Қай уақытта да қызметтеріңізге абырой, дендеріңізге саулық тілейміз! Мерекелеріңіз құтты болсын! – деп жылы лебізін арнады.

Ауыл ш күні (3)

Ауыл ш күні (2)

Одан соң Д.Закарин, С.Бекқалиева және Е.Қажиев өңіріміздегі ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне үлес қосқан бірқатар сала мамандарына алғысхат табыстап, «Үздіктер» номинациясы бойынша диплом және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Ауыл ш күні (5)

Ауыл ш күні (4)

Кәсіби мерекеге орай ақ дастархан жайылып, аудандық мәдени-демалыс орталығының өнерпаздары әннен шашу шашты.

Ауыл ш күні (7)

Нұргүл Дүйсенбаева,

Жаңақала ауданы 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале