15.02.2022, 23:11
Оқылды: 41

«Кәсіпкер, құқығыңды сақтай біл»

Сырым аудандық прокуратурасы мен облыстық кәсіпкерлер палатасының Сырым ауданындағы филиалымен​ "Кәсіпкер, құқығыңды сақтай біл" атты бірлескен отырысы өтті.

FB_IMG_1644944325082

Аудан прокуроры Нартай Байменовтың төрағалығымен жиынға жеке кәсіпкерлер мен бірқатар сала басшылары қатысып, баяндамалар жасады.

Сырым ауданының прокуроры Нартай Елібайұлының айтуынша, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау прокуратура органының ұдайы назарында және елімізде кәсіпкерлікті қолдау бойынша бүгінде "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының Сырым аудандық филиалымен бірлесіп қарқынды жұмыстар жүргізіліп келеді.

-​ Өткен жылы жеке қабылдауға келген 27 кәсіпкер өздерінің көкейіндегі сауалдарына, нақты жауап алды. Негізгі көтерілген сұрақтар жер мәселесі мен коммерциялық объектіге қатысты.

Одан бөлек, Сырым ауданының прокуратурасымен 69 жер мәселесі бойынша, атап айтқанда жер учаскесінің жалға алу келісім-шарттарда заңсыз ауыртпалықтар алынып тасталды. Сонымен бірге заңсыз төлемдерді өндіргені үшін 2 кәсіпкердің құқығы қорғалғанын да айта кету керек, - дейді прокурор Н.Байменов.

FB_IMG_1644944327289

Тағы бір өзекті мәселе "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрықты басшылыққа ала отырып жұмыстану жайында Сырым аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ләззат Мұқанова да өз баяндамасында тілге тиек етті.

Л.Мұқанованың айтуынша, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына келмей-ақ "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы өтініштерін жіберіп,​ оң нәтиже болған жағдайда санитарлық –эпидемиологиялық қорытынды алуға болады екен.

Сөз соңында, Н.Байменов алдағы уақытта "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалымен бірлесіп көптеген жоспарлардың жүзеге асырылатынын, оның бір өзегі​ кәсіпкерлерді​ құқықтарын қорғау жөнінде «Кәсіпкер, құқығынды сақтай біл» атты тақырыбында​ орталық​ көшеге баннер ілінетінін, арнайы құрылған мобильдік топтың мақсат-міндеттерімен таныстырды.

 

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

Zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале