Аудан әкімі Жанат Асантаев Орал қаласындағы «Қоржын» мейрамханасында Қаратөбе өңірінен шыққан бір топ кәсіпкерлермен ашық диалог алаңында бас қосты.
Аудан әкімі Ж.Асантаев: «Орта және шағын кәсіпкерлік басшыларының басын қосудағы мақсат – ел болашағы үшін келелі мәселерді бірге, ақылдаса отырып шешу. Елдің өркендеуіне қосар үлес үйлесімділікпен жалғасын тапса, бәрімізге ұтымды, абыройлы іс болар. Бизнес саласын өркендетудегі мүдде – мемлекеттік қызметкерлер тарапынан туындап жатқан шешімсіз мәселелер, жалпы тілек-мақсаттарыңыз жөнінде ашық әңгіме құру үшін бас қосып отырмыз. Ойларыңызды ашық айтып, жақсы пейілмен жарқын істерге жаршы болайық», – деді.
Кездесу барысында аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрбол Бозов шағын және орта кәсіпкерлік жетекшілеріне аудандағы бос жер телімдерінің, кәсіпкерлердің жай-күйі туралы слайд түрінде қысқаша таныстырып өтті.
Аталмыш кездесу барысында кәсіпкерлік саласындағы түрлі мәселелер талқыға салынып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ кездесу барысында ауданымызға құрылыс материалдарын алып келу, жанармай бекетін салу сынды кәсіпкерлерден ұсыныс түсті.
Айта кету керек кездесуге 40-қа жуық жерлес кәсіпкерлер қатысты.
Маралбек АМАНТАЕВ
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер