Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлжанат Ханғожинаның төрағалығымен кәсіпкерлік кеңес өтті.
Кеңеске аудан прокуроры Нартай Байменов және аудан кәсіпкерлері, тиісті мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде Сырым ауданының прокуроры Нартай Елібайұлы “Инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық фильтр” жобасымен таныстыру, Кәсіпкерлер палатасының аудандағы филиал директоры Асхат Бисенғалиев “БҚО Кәсіпкерлер палатасының Сырым ауданындағы филиалымен көрсетілетін қызметтер”, Гүлжанат Ханғожина “Ауыл аманаты” бағдарламасының жүргізілу тәртібі” тақырыптарында баяндамалар жасады.
- Президенттің тапсырмасы бойынша Бас прокуратура инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың барлық шешімдері мен шектеу шаралары бойынша «Инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі» (Рrosecutor's filter for investor protection) жобасын енгізуде. Мақсаты - инвестициялық жобаларды прокурорлық сүйемелдеу тетігін жетілдіру жəне профилактиканың тиімді құралдарын енгізу. Инвесторлар үшін прокурордың жағдайдың болғаннан кейін емес, сот даулары басталғанға дейін алдын-ала жұмыс істеуі маңызды, - деді Сырым ауданының прокуроры Нартай Байменов.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы,
zhaikpress.kz
Суреттерді түсірген: Айман Өтеғалиева