Жәнібек ауданында жаппай кәсіпкерлікті дамыту, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті өрістету бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Роберт Биғалиевтың бізге берген мәліметіне сүйенсек, үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында ауданда 1494 адам шағын кәсіпкерлікпен айналысуда. 2017 жылы кәсіпкерлік саласында 155 жұмыс орны болса, биыл бірінші маусымға 108 жаңа жұмыс орны ашылды.
Аудан бойынша 13 сауда үйі, 108 дүкен, 3 мейрамхана, 13 дәмхана, 4 асхана, 8 дәріхана, 3 жанар май құю бекеті, 5 шаштараз, 2 киім тігетін орын, 1 телефон жөндеу орны, 2 монша-сауна және 1 базар сияқты жұртшылыққа қызмет көрсететін сауда-саттық, тұрмыстық қызмет көрсету бірліктері бар.
Өткен жылы ауданда 7 азық-түлік және шаруашылық дүкені, 1 мейрамхана, 1 дәмхана, 1 көлік жуу бекеті, 1 супермаркет, 1 қонақ үйі іске қосылса, биыл қоғамдық монша, автокешен және тағы да басқа кәсіпкерлік нысандарды ашу көзделініп отыр.
Н.Өтей
zhaikpress.kz