Warning: session_start(): open(/tmp/sess_2j8rspa5okeg1p922mr4khnghs, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Кәсіпқой бокста топжарды - официальные новости ЗКО
28.12.2025, 10:30
Оқылды: 90

Кәсіпқой бокста топжарды

​Таяуда Алматыда кәсіпқой бокстан өткен ел чемпионатында бәйтеректік Сұлтан Шәріпов 61 келі салмақта жеңімпаз атанды. Соған орай оны аудан әкімі Марат Тоқжанов қабылдап, осынау жетістігімен құттықтады.

IMG-20251227-WA0017
​Қазір Мичурин ауылдық округінде спорт нұсқаушы болып еңбек етіп жүрген ол Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген. Ол үш жаста болғанда ата-анасы Оралға қоныс аударған. Боксты 11 жасынан бастап жанына серік етіп келеді. Ал 21 жасынан кәсіпқой бокспен айналысып жүр. Чемпионатта Тараздан келген спорт шеберімен қолғап түйістірген. 8 раундқа созылған айқаста қарасыласын 78:72 есебімен жеңген. «Батысқазақстандықтардың мақтанышы Данияр Елеусінов – әлемдік деңгейдегі боксшы екенін ескерсек, Темірлан – еліміздегі кәсіпқой бокс бойынша мұндай жетістікке жетіп отырған облыс көлеміндегі алғашқы спортшы,-деді аудан әкімінің қабылдауы барысында бірінші болып сөз алған Мичурин ауылдық округінің әкімі Максим Мусалимов.

IMG-20251227-WA0018
​Аудан басшысы әр жеңістің артында үлкен еңбек жататын атап өтті.
- Замандас, құрдастарың, бауырларың өздеріне ыңғайлы нәрселерге ден қойып жатқанда сен қызықтан, күлкіден өзіңді тежей білдің. Алдыңа қойған мақсатқа жету үшін спорт залда уақытпен санаспастан тер төктің. Міне, соның нәтижесінде үлкен асуды бағындырып отырсың. «Ең үлкен жеңіс - адамның өз-өзін жеңуі» дейді ғой. Ал бұл – оңай емес. Адам өзін ақтау үшін айналасының бәрін кінәлә қылатыны да жасырын емес. Сен үндеместен еңбектендің, сөйтіп үлкен нәтижеге жеттің. Ауданымыздың, облысымыздың мерейін асқақтаттың. Сол үшін де саған алғысымызды білдіре отырып, бұдан да үлкен жетістіктер тілеймін, - деген Марат Лұқпанұлы оны өзінің алғысхатымен және қомақты сыйлықпен марапаттады.

IMG-20251227-WA0019
Өз кезегінде сөз алған Сұлтан Шәріпов өзіне осындай құрмет көрсетіп жатқан аудан әкіміне, спорт саласының, Мичурин ауылдық округінің басшыларына, депутаттарға алғысын білдірді.

Қуаныш Қали
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале