20.11.2019, 10:13
Оқылды: 20

Кәсіподақ жүйелі жұмыс жасауда

Теректі ауданына «Мемлекеттiк, банк мекемелерi жəне қоғамдық қызмет кɵрсету қызметкерлерiнiң салалық кəсiподағы» қоғамдық бiрлестiгiнiң Батыс Қазақстан облыстық филиалының тɵрағасы Серiк Сүлеймен жұмыс сапарымен келіп, кәсіподақ мүшелері және мекеме қызметкерлерімен кездесті.

terekti kasipodaq (1)

Жиында аудан әкімі Әділ Жоламанов әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, екіжақты серіктестікті дамыту мақсатында кәсіподақтардың мекемелермен тығыз байланыста жұмыс істеуі қажеттігін айтты.

terekti kasipodaq (3)

- Кәсіподақ ұйымының негізгі мақсаты – елдегі тұрақтылықты, азаматтық үйлесімділікті қамтамасыз ету. Ал міндеті – жұмысшы құқығын қорғау, еңбек заңнамаларының сақталуына қоғамдық бақылау жасау, еңбек қауіпсіздігін, жұмысшылар арасындағы тепе-теңдіктің сақталуын, жалақының уақтылы төленуін қамтамасыз ету. Біздің кәсіподақ мүшелерінің демалысын ұйымдастыру бағытында жұмыстанатынымыз бәріне белгілі. Дегенмен, кәсіподақ кейбіреулер айтып жүргендей, тек курортқа жолдама беретін ұйым емес. Алдағы уақытта кәсіподақтың нақты жұмысын, қол жеткізген нәтижелерін көрсету арқылы беделін көтеруді жоспарлап отырмыз, - деді Серік Кенжебекұлы.

terekti kasipodaq (6)

Теректі аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Сәлім Қоқашев атқарған жұмыстарын баяндаса, қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Мұсағали Төлегенов кәсіподақ мүшелеріне билет берілсе деген ұсынысын айтты. Аудандық мәдени-демалыс орталығының заңгері Дина Самихова әріптестер арасындағы кез келген дау-дамайдың ұжым ішінде реттелуі үшін кәсіподақ мүшелерінің мәселелерді ушықтырмай, тікелей шешу жолдарын қарастыруы қажеттігін айтып өтті.

Аягөз Айтқалиева

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале