«Билік пен халық арасындағы алтын көпір бола білу - абыройлы міндет, жауапкершілігі жоғары борыш», - деп санайтын мәртебелі мамандық иесі Гүлжан Кужиева Бұлан ауылында дүниеге келген, білімі жоғары.
Ол 1993 жылы Қособа орта мектебін бітіріп, байланыс жүйесінде, мектепте қызмет атқарған. Кейіннен Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен заңгер мамандығын алған соң өзі өсіп-өнген Қособа ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маман қызметінде еңбек етсе, бүгінгі күнде аталмыш әкім аппаратында бас маман болып қызмет атқарып келеді.
Мемлекеттік қызмет саласында өз ісіне шынайы берілген Гүлжан Яхотқызы әркез тұрғындармен тіл табыса біліп, құрметке бөленуде. Мемқызметтің қыры мен сырына әбден қанық Гүлжан жоғарыдан келген іс-қағаздар, нұсқауларды мүлтіксіз орындау, заңға сәйкесті құжаттарға жауапкершілікпен қарауда өзгелерге үлгі боларлықтай.
Бүгінде отағасымен үш ұл тәрбиелеп отырған өнегелі отбасы.
А.Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz