Бәйтерек ауданында каронавирустың таралуына қарсы күрес жалғасуда. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының мезгілімен жаңартып тұратын індет жұқтырғандар санының көрсеткіші тұрақталар емес.
Алдыңғы айлардағы статистикамен салыстырғанда науқастар саны көбейген. Бұл вирустың таралу қаупінің әлі де жоғары екенін білдіретінін сала мамандары ескертеді. Бізге түскен мәліметке сенсек, қазіргі таңда ауданда Covid-19 жұқтырған 112 науқас бар екен.
-Вирус жұқтырған 112 науқастың 100-і симптомды, 12-і симптомсыз. 51 адам ауруханада ем алуда. Олардың 15-і модульді, 11-і аудан орталығындағы аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде ем алып жатса, Оралдағы қалалық көпсалалы ауруханада 14 науқас және 11 адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында. Сондай-ақ 68 азамат үй карантинінде, - деді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының басшысы Аят Умбеталиев.
Аружан Аманжол,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz
Фото из dw.com