2.08.2021, 15:27
Оқылды: 47

Қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Жаз айларында суға шомылушылар көбіне қауіпсіздікті ұмытып, арты орны толмас өкінішке әкеп жатады. Тіпті жүзу білетін жандардың өзі су кетіп қалған оқиғалар жиі орын алады.

1589295060_1522927102_songy-2

Сондықтан әр азамат судағы қауіпсіздікті естен шығармағаны дұрыс. Жуырда Бәйтерек аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Переметный ауылындағы жас туристер стансасында ауыл балаларына судағы қауіпсіздікті сақтау жөнінде дәріс өткізді.

Дәріс барысында балаларға суда өзін қалай ұстау керектігі жайында толық ақпарат беріліп, бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ ауыл балаларына тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі жөнінде толық ақпарат беріліп, өртті болдырмау және отпен ойнамау керектігі түсіндірілді.

Арал Болпышұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале