20.06.2025, 19:00
Оқылды: 112

«Қазақ газеттерінің» орынбасары Жымпитыда

Бүгін Сырым ауданына «Қазақ газеттері» ЖШС директорының орынбасары Қамбар Ахметов келді. Астана қаласынан келген мейман мен республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің Батыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Қазыбек Құттымұратұлын Сырым ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қайрат Төлепов қарсы алды.

IMG_3564

«Қазақ газеттері» ЖШС – 6 газет пен 5 журналды біріктірген іргелі ұйым. Серіктестік қанатының астында ел газеті – «Егемен Қазақстаннан» бастап, “Казахстанская правда”, “Ана тілі”, “Ұлан” секілді басылымдар, “Балдырған”, “Үркер”, “Ақ желкен” секілді журналдар бар. Осыған қарап - ақ, “Қазақ газеттерін” - тек газет - журналдар жұмысын үйлестіруші мекеме деп емес, қоғам үшін тәрбие институты, тіпті ұлт руханиятының мінбері деп танымақ керекті.

Академик Дихан Хамзабектің орынбасары Қамбар Ахметов те газетті компьютерден оқыған адам емес. Ол Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде білім алып, еңбек жолын «Орталық Қазақстан» газетінде 2004 жылы тілші болып бастаған. Тілшіліктен редакторлыққа дейінгі жолды жүріп өтіп, бүгін «Қазақ газеттерінің» қорушысы болып отыр.

Қамбар мырзаның Жымпитыға келуі – жай жол түскендік емес, миссия. Ол 1978 жылы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Бұрын Қарқаралы уезіне қарасты Ақтоғайда Алаштың аймаңдай тұлғасы, Алашорда үкіметінің төрағасы – Әлихан Бөкейханов туған-ды.
Қамбар Ахметов Алаш үкіметінің батыс бөлімшесінің астанасы – Жымпитыға, Жаһанша туған елге Әлиханның даласының сәлемін алып келгендей.

IMG_3540

Қонақтар С. Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейін аралап көрді, сосын Алаш мұражайына барды. Қос Досмұхамедовтың жұмыс кабинеті Қамбар Ахметовты ерекше әсерге бөледі. Жаһаншаның Мәскеудегі шаңырағынан келген қызыл кілемнің жанында тұрып тебіренді.
Әрі қарай Қадыр ескерткішін көріп, Алаш саябағын аралады.

Қайрат Төлепов пен «Қазақ газеттері» ЖШС директорының орынбасары өзара ел ішінде оқу мәдениетін арттыру, қазақ басылымдарын қолдау, таралымын көбейту турасында пікірлесті.

Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале