20.03.2024, 16:00
Оқылды: 152

«Қазақша quiz» интеллектуалдық ойыны өтті

Наурызнама онкүндігінің шеңберінде Жаңару күні Казталов ауданында сан салада қызмет атқарған жастардың қатысуымен «Қазақша quiz» интеллектуалдық ойыны өтті. 

image-20-03-24-03-13-1

Аудандық ішкі саясаттың  ұйытқы  болуымен өткен жастар ресурстық орталығының ұйымдастырған білімділер додасына 5 команда бақ сынады. Бұл білімділер бәйгесінің негізгі мақсаты – жастардың білімі мен біліктілігін шыңдай отырып, қазақ халқының төл мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрін дәріптеу.

image-20-03-24-03-13-2

Бәсі биік бәсекеге білім, спорт, әлеуметтік, мәдениет, мемлекеттік саланың мамандары да, сондай-ақ жас кәсіпкерлер де қалыс қалмады. Өз саласын терең меңгерген жас мамандар «Наурызнама»,  «Тұлғаны таны», «Бір ортақ сөз», «Дәстүр сөйлейді», «Біздің кино», «Бәс» атты 6 кезең бойынша бақтарын сынап, білімдерімен, шапшаңдықтарын, тапқырлықтарын көрсетті.

image-20-03-24-03-13-2

Нәтижесінде  І орынды  «Бірлік» командасы, ІІ орынды  «Бірлік Алма» командасы, ІІІ орынды  «Дәстүр» командасы иеленіп, алғысхаттар табыс етілді.

Жұлдыз Асқар,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале