2.10.2023, 17:30
Оқылды: 100

«Қазақша сөйлейік» курсы ашылды

Теректі ауданының Магистральный мектебінде «Қазақша сөйлейік» курсы ашылды.

IMG-20230926-WA0058

 Бұл бастама мемлекеттік тілді меңгергісі келген азаматтардың басын қоспақ. Ынталы адамды мемлекеттік тілді үйреніп, еркін сөйлеуге жеткізетін аталмыш бастама «дүниеге» қалай келді?

Мектеп директоры Аймангүл Жарасованың айтуынша, бұл жерде қызмет қылып жүрген 47 мұғалімнің қоғамдық жұмысы бар екен. Олар өздерінің жан қалауларымен түрлі шаруа атқарады. Мәселен, бастауыш сынып мұғалімі Айгүл Ерғалиева мемлекеттік тілді үйретуді құп көрген. Тегін әрі түрлі тәсілдермен өтетін курстың ең алғашқы қатысушылары — мектеп мұғалімдері және ауыл кітапханашысы.

IMG-20230926-WA0057

— Магистральный ауылына 2016 жылы көшіп келдік. Түрлі ұлт өкілі тұратын ауылда мемлекеттік тілдің «ақсап» жатқанын көріп жүрмін. Әу баста мектепте қазақ сыныптары ашылды. Балалар қазақ тілін оқиды. Ал ересектер жағы тіл үйренуден қалыс қалып отыр. Сондықтан тіл үйренуге талпынысы бар әріптестерім үшін курс ұйымдастырдым. Аптасына үш рет жиналамыз. Алғашқы курсты аяқтаған соң сертификат береміз. Егер ауыл тұрғындары да «қатысамыз» деп жатса, құшақ жая қарсы аламыз. Бұл курстың ашылғандығы жөнінде хабарландыру таратып, халықты құлағдар етеміз, - дейді курс жетекшісі Айгүл Мақсотқызы.

 

Айшабибі Мәмет,

Теректе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале