4.12.2024, 17:30
Оқылды: 15

Қазақстан ауылында жаңа әкім тағайындалды

Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 3 желтоқсандағы № 68 шешімі негізінде Қазақстан ауылдық округінің әкімі болып Распаев Ержігіт Хасанұлы тіркелді.

Қазақстан ауылдық округі

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Рауан Бисенғалиұлы ауыл активіне жаңа әкімді таныстырды.

Ержігіт Хасанұлы 1990 жылы Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының Подтяжки ауылында дүниеге келген.

Алғашқы еңбек жолын 2010-2011 жылдары Тасқала ауданы бойынша салық басқармасында мұрағатшы болып бастаған. 2013-2016 жылдары аралығында Мерей ауылдық округі әкімінің аппаратында жетекші маман, 2016-2022 жылдары аралығында Мерей ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2024 жылдың қыркүйек айынан осы күнге дейін Орал қаласында KMG «Security» ЖШС күзетші-жүргізуші қызметтерін атқарған.

Гүлмира Мақанова

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале