27-30 қыркүйек күндері Орал қаласында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында командалық Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті.
Чемпионатқа Сырым ауданынан Асқар Шайхиев атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жалпы білім беретін Абай орта мектебінің оқушылары қатысып, қарсыластарына есе жібермей, командалық есепте І орын иеленді.
Қарсылас шақ келтірмеген команда құрамында белгілі тоғызқұмалақ жаттықтырушысы Дарын Төреғалиевтің шәкірттері мен қызылағаштық Асылхан Мағзом да бар.
- Абай орта мектебінің оқушылары Баян Мақсұт, Нұрәли Жолдыбай, Әмірхан Біржан, Айша Ғарифолла, Мадина Мақсұт және қызылағаштық Асылхан Мағзом бүгінгі күнге дейін де тоғызқұмалақ жарыстарында аттары аталып жүрген оқушылар. Шәкірттерім бабында. Алдағы уақытта да талай додаларда жарқырап, алдыңғы орындардан көрінетініне бек сенімдімін,- дейді Дарын Құлтайұлы.
Чемпион атанған спортшылар қараша айында Солтүстік Қазақстан облысында өтетін командалық Қазақстан чемпионатына жолдама алды.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz