Жалғыз және жұптық разрядтардағы Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингінің жаңарған нұсқасы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Үздіктер үштігі бұрынғы құрамда қалды: аустралиялық Эшли Барти көш бастап тұр, одан кейінгі орынға беларустық Арина Соболенко жайғасқан, ал үшінші орында – чех спортшысы Каролина Плинкова.
Қазақстанның бірінші ракеткасы 17-ші орыннан 16-шы орынға көтеріліп, жеке рекордын жаңартты. Юлия Путинцева бес саты жоғарылап, 49-шы орынға шықты, ал Зарина Дияс жеті саты төмендеп, 112-ші орынға ығысты.
Жұптық разрядтың көшбасшысы – бельгиялық Элизе Мертенс, одан кейінгі орындарда – Чехия өкілдері Барбора Крейчикова мен Катерина Синякова. Анна Данилина 88-ші орыннан 86-шы орынға көтерілді, ал Рыбакина бір саты төмендеп, 96-шы орынға түсті, ал Дияс – 181-ші орында.
inform.kz