31.05.2024, 10:00
Оқылды: 35

«Қазақтың Қадыры» атты деректі фильм көрсетілді

Жаңақала ауданында Қадыр ақынның шығармашылығын насихаттаудағы үрдіс жалғасып, «Қазақтың Қадыры» атты деректі фильм көрсетіліп, «Қадыр – қазына» жобасы аясындағы концерттік бағдарлама ұсынылды.

931617fe-5178-48fd-b856-53f7f5bcab54

Оралдың төрінен ыстық сәлемін ала келген өнер майталмандары ауыл тұрғындарына Қадыр шығармашылығын насихаттап, Қадыр ақынның сөзіне жазылған әндерді шырқады. ҚР «Мәдениет саласының үздігі», айтыскер ақын Айнабек Бисенғалиев пен айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының мүшесі, республикалық, облыстық айтыстардың жүлдегері Орынбек Меңдіқұл тартымды айтыс өрнегін көрсетті. Өнерпаздар әнмен әрлеп, көрермен көңілін бір көтеріп тастады.

17c3884c-6445-4eb5-95c3-3b3b4a8529dc

Аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмар сөз сөйлеп, ризашылығын білдірді.

Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының директоры Серік Әнуарұлы аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлына алғысхат табыстап, ыстық ықыласын жеткізді.

441551225_2421026918286482_3023260120682624956_n

Кешті Қадыр ақынның сөзіне жазылған «Атамекен» әнімен қорытындалынды.

 

Аруғаным Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале