14.06.2023, 14:45
Оқылды: 17

Қазақтың Қуандығы Қадыр елінде

Сырым ауданына ән сапарымен келген қазақтың қоңыр үнді әншісі Қуандық Рахым Жымпитыда «Мен Қазақпын» атты ән кешін өткізді.

ҚАЗАҚТЫҢ ҚУАНДЫҒЫ ҚАДЫР ЕЛІНДЕ! (9)

Аудандық мәдениет үйіндегі концерт залы «әуезді ән тыңдаймын» деп келген көрерменге лық толы.
Әнші кештің шымылдығын «Мен қазақтың ұлымын» әнімен түріп, Қадыр ақынның «Не берсең де арнап бер» өлеңімен кешті жалғады.

- Әлеуметтік желіден залы лық толы Сырым еліндегі кешіміздің қазақ өнерін, қазақ әндерін қолдаушыларымыздың көп екенін көрген өнер адамдары аудандарыңызға қайта-қайта ат басын бұрсын деген тілектеміз, - деп ағынан жарылды әнші.

ҚАЗАҚТЫҢ ҚУАНДЫҒЫ ҚАДЫР ЕЛІНДЕ! (5)

Өнердегі ағасын қолдамақ мақсатта жерлесіміз, талай ән байқауларының лауреаты, жас әнші Мырзағұл Алмағамбетов те құлақ құрышын қандырар әндерін орындады.

ҚАЗАҚТЫҢ ҚУАНДЫҒЫ ҚАДЫР ЕЛІНДЕ! (8)

Кеш соңында аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов сахнада қазақтың Қуандығына «қош келдіңіз» айтып, М. Балмолданың «Дала көкжалы» кітабы мен естелік сыйлық тарту етті.

ҚАЗАҚТЫҢ ҚУАНДЫҒЫ ҚАДЫР ЕЛІНДЕ! (4)

Қуандық Рахым кішкентай тыңдарманымен «Мен қазақпын» әнін қосыла шырқап, кештің әдемі нүктесін қойды. Тыңдарман қауым сүйікті әншісімен естелік суретке түсті.

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале