30.04.2024, 21:00
Оқылды: 45

Казталов ауданына 6 жаңа техника келді

Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұловтың қатысуымен мемлекеттік материалдық резервтен ауданымызға берілген техникаларды табыстау рәсімі өтті.  Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында өткен салтанатты іс-шараға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат төрағасы Сарсенбай Молдашев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Мағауия Есмағұлов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Шакуов және аудан тұрғындары қатысты.

WhatsApp Image 2024-04-30 at 16.00.24 (1)

Су тасқыны кезінде ауданымыздың бірқатар ауылдары мен елді мекендері таза ауыз сусыз қалған еді. Жергілікті атқарушы органдар іс-қимылының нәтижесінде су тасқыны қаупі сейілді.

WhatsApp Image 2024-04-30 at 18.09.21

- Көктемгі су тасқыны салдарынан Казталов ауданының ауылдары мен елді мекендері таза ауыз сусыз қалуына байланысты мемлекеттік материалдық резервтен 2 камаз автокөлігі базасындағы су тазалағыш, 1 газель автокөлігі базасындағы су тазалағыш машина, жылжымалы «Таза су»фильтрлі қондырғысы бар және су жоқ елді мекендерге су тасымалдауға қажетті 2 дана су тасымалдаушы (водовоз) көлігі алынды. Сонымен қатар көктемгі су тасқыны салдарынан облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарда су жыру фактілері орын алған еді. Осы автожолдарды қалпына келтіруге ауданымызға мемлекеттік материалдық резервтен қажетті 1 дана ауыр автогрейдер бөлініп, пайдалануға беріліп отыр. Қолдау көрсеткен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне және облыс әкімдігіне аудан тұрғындары атынан ризашылығымды білдіремін,  - деді аудан әкімі.

WhatsApp Image 2024-04-30 at 16.00.22

Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале