20.05.2023, 10:52
Оқылды: 93

Қажым мектебі “миллионер” атанды

Оқушылардың жоғары білім көрсетіп, грантқа ие болғанын талай естідік. Ал, мектептің грант алғанын естідіңіз бе?! Қаратөбе ауданындағы мектеп осындай жетістікке жетіп отыр.

IMG_3039
Жуырда Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы ұйымдастырған “Үздік білім беру ұйымы - 2023” байқауы мәресіне жетті. Білім көрсеткіші мен тәрбие-тәлім жұмысы бағаланған байқау қорытындысы бойынша Қаратөбе аудандық Қ.Жұмалиев атындағы мектеп - гимназиясы өңірдегі іргелі мектептерді ізіне қалдырып, жеңімпаз атанды.​
Осылайша, біздің гимназия Батыс Қазақстан облысы әкімі тағайындаған 48 миллион теңге сыйақыны иеленіп, “миллионер -мектеп” болып шыға келді.​
Білім ордасына Қажым Жұмалиев есімі берілгені күні кеше еді. Міне, академиктің аты жарқ етіп білім биігінен көрінуде.
Бүгінде Қ. Жұмалиев атындағы мектеп - гимназияда 254 оқушы білім алады. 2022-2023 оқу жылы ​ ҰБТ-дегі көрсеткен білім деңгейі бойынша Қаратөбе гимназиясы республикадағы «Үздік 100 мектеп» қатарына кірді.

Бауыржан Ширмединұлы,​
“Қаратөбе өңірі”

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале