12.10.2021, 10:11
Оқылды: 33

 «Қазпоштадан» бақытымды таптым

Мен – Ақжайық ауданына қарасты Ілбішін ауылының тумасымын. Балалық шағым осы ауылда өтті. 2010 жылы «Қазпошта» АҚ БҚО филиалында учаскелік пошташы болып еңбек жолымды бастадым. Содан әлі күнге дейін №15 учаскеде пошта тасушы болып қызмет жасап жүрмін. Жұмысым өзіме ұнайды. Жазғы аптап ыстыққа, күзгі нөсер жаңбырға, қысқы қарлы боран мен аязға, көктемгі суық, ызғарлы желге қарамастан,  хат-хабарламалар, газет-журналдарды уақытында жеткізуге тырысамын.

WhatsApp Image 2021-10-12 at 10.10.13

Өз учаскемдегі көпшілік тұрғын мені  таниды. Бәріміз бір ауылдың адамдарындай болып кеттік. Тұрғындардың мекеме-кәсіпорын қызметкерлерінің мерзімді баспасөзге, газет-журналдарға жазылуына атсалысамын. Алыс-жақын шетелдерден, мекемелерге келген тапсырысты, әскерге кеткен ұлдарынан жалынды, сағынышқа толы хаттарды апарып иелеріне табыстаймын. Пандемия кезеңінде де хат-хабар тасумен алдыңғы шепте жүрдік.

Осы қызметім барысында өмірлік серігімді кездестірдім. Қазір Мәди, Рамазан деген қос ұлым бар. Сыныптас достарыммен жиналғанда «Қазпоштаның» менің өмірімдегі орны туралы жиі айтамын. Яғни осы мекемеде жұмыс істеп, отбасылы болғанымды, баспанамды кеңейткенімді мақтанышпен жеткіземін.

Биыл «Қазпошта» қызметіне – 28 жыл. Соған орай облыстық филиал қызметкерлерін 9 қазан Бүкіләлемдік пошта күнімен құттықтаймын! Әрқашан жақсы хабар, сағынышты сәлемхаттарды тасудан шаршамайық дегім келеді.

Нәзира Нұрмұқанова,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале