6.10.2023, 16:59
Оқылды: 65

«Қазпоштаға» 30 жыл толады

9 қазан - пошташылар күні

Сырым ауданы орталығындағы «Қазпошта» байланыс торабының іші күнде ертеңгілік қарбалас шаққа толы болады. Мұнда келген адамның түрлі шаруасы болары анық. Зейнетақы, жәрдемақы алу, қалаларға сәлемдемелер жіберу, газет-журналға жазылу, түрлі төлемдер төлеу, тағы басқалай да қызмет салалары осы ғимараттың ішінде жүзеге асырылады.

22932868-587a-4a44-9854-548e8b5e5153

- «Қазпошта» байланыс торабында бүгінде түрлі мамандық саласында халыққа қызмет көрсететін 32 адам бар. Олардың арасында аудан орталығында бес пошта тасымалдаушы, төлемдер қабылдауда үш оператор халыққа қызмет көрсетуде.

Сондай - ақ аудандық байланыс торабының  қызметкерлері  Қаратөбе ауданының  Қоскөл, Егіндікөл  ауылдық округі тұрғындарына, ауданның  12 ауылдық округінің халқына  мінсіз қызмет көрсетуде, -дейді байланыс торабының басшысы Айнагүл Жұмиева (суретте).

Айтқандайын, биыл қазан айында «Қазпошта» АҚ 30 жылдығын атап өткелі отыр.

Міне, еліміз тәуелсіздік алған жылдары аралығында халыққа мінсіз қызмет көрсетіп келе жатқан  аудандық байланыс торабының  қол жеткізген жетістіктері де бір төбе. Мәселен, аталмыш байланыс торабы басылым түрлеріне жазылу, халыққа қалтқысыз қызмет көрсету, табыс көзін молайту бағытында биылғы жылдың жарты жылдығында облыс бойынша 98 пайыздық көрсеткішпен бірінші орынды жеңіп алды.

507af634-100d-4a45-bb25-1f018696f18c

Солдан оңға қарай пошта қызметкерлері Дамира Мұхамбетқалиева, Ақұлпа Қожағалиева, Алтын Ғұмарова.

 

Сондай-ақ елеулі жетістіктеріне орай Астана қаласы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы С.Саудабаев, облыстық «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Б.Мусиннің тарапынан «Құрмет» грамоталарына ие болды.

 - Ұжымда үнемі халыққа мінсіз қызмет көрсетіп, алғысқа ие болып жүрген озаттардың қатарында алды 37 жыл, соңы 22 жыл еңбек өтілдері бар  Алтын Ғұмарова,  Райгүл  Әбдіғалиева,  Ирина Тұманғалиева  бар. Мінсіз еңбектеріне орай ұжым қызметкерлеріне  басшылық тарапынан  үнемі сыйақы да беріледі.

77affb3c-2237-40e8-ba21-e91afca893c2

Пошта тасымалдаушы Салауат Аманов

 

Ал пошта тасымалдайтын адамдарды арнайы киім, велосипедпен қамтып, күз, қыс айында жылы киімдер алуға қаржы бөлу де жоғары басшылықтың назарындағы басты міндет, - дейді Айнагүл Мақсотқызы.

Мүсірбек Айташев,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале