Біз жаңаша ойлап, айналамызда болып жатқан өзгерістерге жаңаша қарауды қажет ететін жаһандану заманында өмір сүрудеміз. Бүгінде қай сала болмасын қарқынды әрі өзара өзгеріс еңгізуге мүмкіндіктер молынан. Тәрбие мен тәлімнің негізгі тармағы – білім саласы.
Білімді, еркін ойлы, ерік-жігері мықты ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, заман талабына сай бірқатар бірлескен жобаларды қолға алуға тиіспіз. Осы ретте Самал Қанапияқызы басқаратын Казталов ауданындағы білім беру саласы болашақ тұлғаларды қалыптастырып, жетістікке жету үшін өмір бойы білім алуға бейім, кәсіби бағыты заманмен бірге өзгере алатын сауатты тұлға қалыптастыруды қазірден бастап, ауқымды жобаны қолға алды. Облыстағы ең үздік Назарбаев Зияткерлік мектебімен алтын көпір орнатып, өзара ынтамақтастық жүргізді.
Бұл дегеніңіз білім сапасын арттыру бағытындағы алғашқы көпір, алғашқы жоба. Ауыл мектептерімен және Назарбаев Зияткерлік мектебі арасындағы тәжірибелік байланыс білім берудің көкжиегін кеңейтіп, биік белестерге қадам басары сөзсіз.
Осы ретте 20-21 ақпан күндері «Физика- математика бағытындағы» Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадаға дайындық денгейін және әр пәннің білім сапасына бағытталған жұмыс жүргізілуін арттыру мақсатында Казталов ауданының пән мұғалімдері мен білім беру бөлімінің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының басшылары және оқу ісі жөніндегі орынбасарлары іс-тәжірибе алмасуда.
Бұл ауқымды жоба жалғасы наурыз айында Казталов ауданына жүзеге асып, Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары аудан мектептеріне келуі күтілуде. Соған сәйкес басшылық тарапынан тиісті келісім сөздер жүргізілді. Казталов ауданынының білім беру бөлімінің басшысы Самал Қанапияқызы осы ұсынысты қабыл алып, өз тәжірибелерімен бөлісіп жатырған Назарбаев Зияткерлік мектебінің Айдарбек Төлепұлы бастаған ұжымына алғысын білдіреді.
Самал Джангереева,
Айжан Жагпарова,
Казталов аудандық білім беру бөлімі
Жұлдыз Асқар,
Казталов ауданы