29.03.2025, 9:30
Оқылды: 90

Казталов аудандық кітапханасы заман талабына сай жабдықталды

Казталов аудандық кітапханасы «Қазақстан халқына» және «Тана» қоғамдық қорларының есебінен заман талабына сай жабдықталды.

Кітапхана Казталов

Қайта жаңғырудан өткен кітапхананың ашылу салтанатына «Qazaqstan halqyna» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Чинкисбаева, басқарма төрағасының орынбасары София Айсағалиева, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, «Тana» қоғамдық қорының басшысы Камила Лұқпанова, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Шолпан Оразаева, кәсіпкер, inDrive халықаралық сервисінің негізін қалаушы және бас директоры Арсен Томский қатысты.

FB_IMG_1743181176940

Салтанатты іс-шарада сөз алған Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов өңірімізде «Qazaqstan halqyna» қоғамдық әлеуметтік қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

— Казталов аудандық кітапханасының жаңғыруымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Біздер үшін ағартушылық жұмыстың маңызы зор. Ұрпағымыздың саналы, даналы болуы біліммен, іліммен тығыз байланысты. Кітапхана – рухани орталық. Казталов аудандық кітапханасын мемлекеттің қолдауымен күрделу жөндеуден өткен болатын. Бүгін «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры мен «Тana» қоғамдық қорының бастамасымен кітапхана қайта жаңғыртылып отыр. Сонымен қатар Казталов мектеп-лицейі 250 млн теңге қаражатқа жабдықталды. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмаларының ауылдық жерде жүзеге асырылуының айқын көрінісі. «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры 2022 жылдан бері облысымызға 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Сондай-ақ қордың бастамасымен кітапханаларды жаңғырту жұмыстары республика бойынша алғаш рет Батыс Қазақстан облысында жүзеге асырылып отыр. Казталов аудандық кітапханасы қайта жаңғыртылған 13-ші кітапхана. Жалпы облысымыздың 12 ауданындағы кітапханаларды қордың қолдауы арқылы заман талабына сай жабдықтармен, кітаптармен қамтылды, — деді облыс әкімінің орынбасары.

FB_IMG_1743181182079

«Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры адамдарға атаулы көмекпен қатар, халық топтарына жүйелі көмек көрсетеді. Жүйелі көмек аясында халық топтарының өмірін жақсартуға бағытталған даму бағдарламалары жүзеге асырылады, соның ішінде балаларға арналған спорттық және білім беру инфрақұрылымын, сондай-ақ басқа да әлеуметтік маңызды қызметтерді дамытуға және қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу бағыты қарастырылған. Осы бағыт бойынша ауданымызда Казталов, Ақпәтер, Жалпақтал ауылдарындағы кітапханалар мен Казталов мектеп-лицейі заман талабына сай жабдықталды.

— Барлығымыз ауылда туып, ауылда өстік. Өздеріңізге белгілі 2022 жылдан бері Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры құрылды. Еліміздегі ірі компаниялар қорға қаржы аударып,бүгінде қаржы әлуеуметтік көмек көрсетуге және 100-ден астам әлеуметтік маңызы бар жобаларға бөлініп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында: «Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек», — деген болатын. Ал кітапханаларымыздың заманауи үлгіде жабдықталуы оқырманның қызығушылығын арттырып, кітап оқу мәдениетінің қалыптасуына зор септігін тигізеді деп ойлаймын. Президент идеясын жүзеге асыру мақсатында «Tana» қоғамдық ұйымының бастамасымен, «Qazaqstan halqyna» қоғамдық әлеуметтік қорының қолдауымен БҚО-дағы кітапханаларды жаңғыртып жатырмыз. Ауылдағы ағайын да жанға жайлы рухани орталықта көкжиегін кеңейтеді деген сенімдемін, — деді «Qazaqstan halqyna» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Чинкисбаева.

photo-output
Аудандық кітапхана заманаи үлгідегі жиһаздармен, кітаптармен толық қамтылып қана қоймай, кітапханалық шараларға арналған бірнеше аймаққа бөлінген. Кітапханада жайлылық кеңістігі, интерактивті алаң, шығармашылық аймақ, іс-шаралар аймағы (абонемент), балалар шығармашылық бөлімі, оқу залы аймағы және конференц залы бар. Кітап қоры да жаңа кітаптармен толықты.

photo-output

Бұл ұлт руханиятын өркендетуге бағытталған инвестиция. Аудан әкімі «Qazaqstan halqyna» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Алтынбекқызы мен «Тana» қоғамдық қорының басшысы Камила Асқарқызына, кәсіпкер, inDrive халықаралық сервисінің негізін қалаушы және бас директоры Арсен Григорийұлына аудан жұртшылығы атынан ризашылығын білдіріп, естелік сыйлық табыстады.

photo-output

Асылбек Нәсіпқали
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале