22.08.2024, 13:00
Оқылды: 122

Казталов ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 29-бабының 1-тармағына, 30-бабының 1-тармағына сәйкес аудан әкімінің 2024 жылғы 15 тамыздағы №208-ө өкімімен Асылжан Жанғалиев Казталов ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

BE93E419-C2AF-49C0-AD39-9419B5EEE16C

Асылжан Алмазұлы 1991 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Қоңыр ауылында дүниеге келген. 2013 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау мамандығы бойынша тәмамдаған.

2016 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

2019 жылы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін биология мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2013 жылы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғылыми зерттеу институты инженерлік бейіндегі биотехнология зертханасының техник-балық өсірушісі қызметінен бастады.

• 2014-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы «Аквамәдениеттің тәжірибелік өндірістік оқу-ғылыми кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғылыми қызметкері;

• 2015-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысы «Аквамәдениеттің тәжірибелік өндірістік оқу-ғылыми кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің балық өсірушісі;

• 2019-2020 жылдары Сырым ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы;

• 2020-2022 жылдары Сырым ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас инспекторы;

• 2022-2024 жылдары Бөрлі ауданы әкімі аппаратының АҚ және ТЖ жөніндегі бас инспекторы;

2024 жылдың наурыз айынан бастап Казталов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарып келді.

Жанұялы. Отбасында жұбайы мен үш баласы бар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале