1.09.2023, 19:42
Оқылды: 102

Казталов ауданы әкімінің аппаратына жаңа басшы тағайындалды

Бүгін Казталов ауданы әкімі Асланбек Сарқұловтың төрағалығымен актив отырысы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, салалық бөлім, мекеме басшылары, округ әкімдері қатысты.

F4021E3F-E0CD-4DFE-AE32-9082EC3C180C

Активте сөз алған аудан басшысы жиынға қатысушыларды білім күнімен құттықтап, аудан активіне Казталов ауданы әкімі аппараты басшысы лауазымына жаңадан тағайындалған Нұрсұлтан Каримуллаұлы Серікті таныстырып, аппарат басшысының жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Нұрсұлтан Қаримуллаұлы Серік Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 28-бабының 1-тармағына, 30-бабының 1-тармағына сәйкес аудан әкімінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі №175-ө өкімімен Казталов ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

Нұрсұлтан Қаримуллаұлы 1991 жылы Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Ақтау ауылында дүниеге келген.

Білімі – жоғары. 2012 жылы электроэнергетика мамандығы бойынша Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2012 жылы Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында жастар практикасы қызметінен бастаған.

2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тұрғын үй шаруашылығы бөлімінің бас маманы;

2013-2014 жылдары жылдары Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы газдандыру және электрлендіру бөлімінің бас маманы;

2014-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты талдау және бақылау бөлімінің маманы;

2016-2017 жылдары Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы;

2017-2018 жылдары Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Ақтау ауылдық округі әкімі;

2018-2020 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстары бөлімінің бас инспекторы;

2020 жылдың наурыз айынан бастап Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келді.

Жанұялы, отбасында жұбайы және балалары бар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале