30.08.2024, 0:28
Оқылды: 190

Казталов ауданы: Ата Заңымыз ардақталды

Жалпақтал ауылындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мерекелік концерт өтті.

IMG_0974

Ауыл тұрғындарына арналған мерекелік концерттің шымылдығын ашқан Жалпақтал ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Санжар Ғұбайдуллин жалпақталдық ағайындарды айтулы мерекемен қызу құттықтады.

- Елдігіміздің айшықтығын айқындайтын Ата Заңымыз – Тәуелсіздігіміздің теңдессіз тартуы. Конституция күні – аса қастерлі, ұлық мереке. Ол өркениетті мемлекеттің барлығына тән демократиялық қағидалармен толық қамтылған. Жасампаз жаңа дәуірге Ата Заңымыз арқылы сара жолдар ашыла берсін! Бірлігі жарасқан қазақ елі санаулы уақыт ішінде айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті тасыған күшті мемлекетке айнала білді, - деді Санжар Жасұланұлы.

Мерекелік шараны ауыл өнерпаздары әуелеген әнмен көмкеріп, ауылдастардың ыстық ықыласына бөленді.

Қыдыр Харесұлы, 

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале