16.09.2024, 23:00
Оқылды: 31

Казталов ауданы: ауыл әкімі Баян Қабиеваны қабылдады

Бүгін Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Ғаділбек Әлібеков белгілі сазгер, әнші-термеші, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, ҚР Халық ағарту ісінің үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Казталов ауданының Құрметті азаматы, Қазақстанның Халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтен дәріс алған өнер иесі,  мәдениет майталманы, ұстаз Баян Қабиеваны қабылдап, жалпақталдық ағайындар атынан 70 жас мерейтойымен құттықтап, иығына шапан шапты.

1

Шараға қатысқан Жалпақтал ауылындағы мекеме-ұйым өкілдері де Баян Құбайқызын жемісті жасымен шын жүректен құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті.

Жарқын кездесу соңында мерейтой иесі ел болып құттықтап жатқан ауыл әкімі мен мекеме-ұйым басшыларына өз атынан ризашылығын білдіріп, ауылдастарына шынайы алғысын жеткізді.

Оқырмандар есіне сала кетсек, 25 қыркүйек күні сағат 17:30-да

«Атамекен» өнер ордасында Қазталов ауданының Құрметті азаматы, мәдениет майталманы, ұстаз Баян Қабиеваның «Ән-Баян» фильм-концерті өтеді.

Концертке Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты әнші Мақпал Жүнісова және  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-сазгер  Гүлмира Сарина  қатысады. Концертке кіру тегін.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале