2.03.2025, 10:17
Оқылды: 301

Казталов ауданы: Қайыңды ауылы әкімін сайлауға отбасымен келіп дауыс берушілер қатары көп

Қайыңды ауылдық округі әкімін сайлау үрдісі қалыпты өтіп жатыр. Келушілер қатарында отбасымен келіп дауыс берушілер көптеп саналады. Оған Аманғали мен Алмагүл Орынғалиевтердің отбасы куә.

IMG-20250302-WA0015
«Сайлаудан қалмаймыз, отбасымызбен келіп дауыс беру әдетімізге айналған. Бүгін де сол әдетімізден жаңылмай өзіміздің азаматтық ұстанымымызды білдіруге келдік. Халықтың қолдауымен сайланған жаңа әкімнен күтер үмітіміз мол. Ол елдің болашағы үшін аянбай тер төгіп, оның өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосады деп сенеміз. Лайым да солай болғай!» - дейді отағасы.

Нұр Рахман
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале