Былтырғы жылы Казталов ауданы Қараоба ауылының ішкі көше жолдарына жөндеу жұмыстары басталып, мердігер мекеменің жауапсыздығынан тоқтап қалған болатын. «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жобаға республикалық бюджеттен 450 млн теңге қаражат бөлініп, биыл жаңа мердігер «ЖайықСити» ЖШС қайта жалғастырып жатыр.
Қазіргі күнде Қараоба ауылының 2,9 шақырым көше жолдарына жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мердігер мекеме қажетті құрылыс материалдарын тасымалдау, жолдардың топырақ негіздерін қалпына келтіру, тротуар құрылымы және құбырларды орнату жұмыстарын бастауда.
Жобаға техникалық қадағалаушы болып бекітілген «МастерМеталлПласт» ЖШСнің өкілдері құрылысқа күнделікті бақылау жүргізуде. Жалпы құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы аяқталмақ.
Нұр Рахман,
Казталов ауданы