28.01.2026, 20:00
Оқылды: 5

Казталов ауданы: Қарасуда шайбалы хоккейден ішкі біріншілік өтті

Бүгін Казталов ауылындағы Қарасу тоғанының мұз айдынында «Айбын» спорт клубының ұйымдастыруымен «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында мекеме мен кәсіпорын қызметкерлері арасында шайбалы хоккейден ішкі біріншілік өтті.

IMG_2685

Қысқы спорт түрінен өткен тартысты бәсекеде командалар өзара бақ сынасып, шын мықтыны анықтауда. Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан Казталов ауданы әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев құттықтау сөз сөйлеп, қысқы спорт түрлерінің, соның ішінде шайбалы хоккейдің денсаулыққа пайдасы мен бұқаралық спортты дамытудағы маңызына тоқталды.

IMG_2695

— Шайбалы хоккейден ұйымдастырылып отырған бұл ішкі біріншілік қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын арттыру, салауатты қоғам қалыптастыру бағытындағы бастамаларды жүзеге асыруға, аудан тұрғындарын қысқы спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысуға ынталандыруға, қатысушылардың спорттық шеберлігін шыңдауға және бұқаралық спортты кеңінен насихаттауға бағытталған. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін, - деді Серік Ерболатұлы.

Аталмыш жарысқа қатысқан командалар мұз айдынында шеберліктерін шыңдап, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Аяқтарына коньки байлап, қолдарына таяқ ұстаған спортшылар жоғары дайындық деңгейін байқатты.

IMG_2702

Тартысты ойындар нәтижесінде «Қосөзен» шекара заставасының командасы І орынды, Спорт командасы ІІ орынды жеңіп алса, қарсыластың қақпасынан шайбаны көбірек қадаған Казталов мектеп лицейнің командасы І орынды жұлып алды. Спортшылар арасынан көзге түскен дарабоздар арнайы аталымдармен мапатталды. Атап айтар болсақ, жастармен қатар қолына таяқ ұстаған Қанат Идрисов «Ардагер спортшы», Нұртілеу Зинет «Жас спортшы», шайбаларды қағып алудың шебері Ербол Малаев «Үздік қақпашы» атанды. Сонымен бірге қарсыластарды тыпырлатпай, қоғаныста мықты ойнаған Дархан Құттыбаев «Үзді қорғаушы» атанса, қақпашылардың осал тұсын тапқан Батырбек Наденов «Үздік шабуылшы», Ернұр Есболов «Үздік ойыншы» аталымдарына ие болды.

Нұр Рахман
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале