Бүгін «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасына көктеректік түлектер мен «Қасиет» шаруа қожалығының жетекшісі Қанағат Абужалитов та өз үлестерін қосты.
Қойнауына құт дарып, ынтымағы артқан Көктерек ауылы мен Сатыбалды елді мекенінің перзенттері 10 жылдық мектеп түлектері «Хоккей қорабын», 20 жылдық мектеп түлектері «Көктерек ауылы» және Қанағат Қапиетұлы «Туған жерім Сатыбалды» кіреберіс белгілерін сыйға тартты.
Нысандардың ашылу салтанатына Көктерек ауылдық округінің әкімі Бақытжан Есенғалиев, аудандық мәслихат депутаты Серікбол Қадемов, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ветеринария басқармасының «Казталов аудандық ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны директоры Нұрбек Ихсанов қатысып, түлектерге аудан әкімінің ризашылығын жеткізді.
Асылбек Нәсіпқали
Казталов ауданы