2.06.2025, 12:00
Оқылды: 149

Казталов ауданы: Көктеректік түлектердің тартуы

Казталов ауданы, Көктерек ауылында бірнеше нысан бой көтеріп, пайдалануға берілді. Атап айтар болсақ, 1999 жылы мектеп бітірген түлектер көше шамдарын, 2000 жылы мектеп бітірген түлектер субұрқақ, 2006 жылы мектеп  бітірген түлектер киіз үй, 1985, 2000, 2010, 2015 жылдары мектеп бітірген түлектер төрт бірдей көлеңкелі тынығу орындарын және жергілікті қазына есебінен балалар ойын кешенін ауыл бүлдіршіндеріне тарту етті.

Табысталған әр нысанды жергілікті ауыл халқы қуанышпен қабылдап, игілікті істерді жүзеге асырған әрбір жанға шексіз алғыстарын білдірді.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

IMG-20250601-WA0114 IMG-20250601-WA0078 IMG-20250601-WA0094 IMG-20250601-WA0108

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале