Бүгін Казталов ауданынының медицина саласының ардагері Ұлболсын Касимова торқалы 90 жасқа толды.
38 жыл медицина саласында жемісті еңбек етіп, бүгінде ұрпақтарының ортасында саялы бәйтерек болып отырған ананы Казталов ауданы әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев, Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов, Казталов аудандық ауруханасының директоры Руслан Ахметжанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Шакуов, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Күнсұлу Шаканаева құтықтап, шаңырағына барды.
Торқалы жасқа толған Күсұлу анамызға аудан әкімінің орынбасары Серік Ерболатұлы Казталов ауданы әкімінің құттықтау хатын табыстап, иғына қазақи шапан, жаулық жауып, құрмет көрсетті.
Туған күн иесі арнайы келіп, құттықтаған ел азаматтарына алғысын білдіріп, аналық батасын жаудырды.
Нұр Рахман,
Казталов ауданы