Қызғалдақ - көктемнің көркі. Жаңарудың, жаңа өмірдің символы іспеттес. Қазақ халқы қыздарын сұлу болсын деген ниетпен қызғалдаққа балаған. Ен даланың жауһары небәрі 10-15 күн ғана гүлдейді. Қайыңды алқабы әсем де әдемі қызғалдағымен елімізге танымал.

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Казталов өңірінде 7 жыл бұрын халықаралық "Қызғалдақ көктем-Тюпальнная весна" фестивалі өткізілді. Бұл ауданымыздың халықаралық мәртебесін көтерген фестиваль тарихта алтын әріптермен жазылады.
Бірнеше жылдан соң биыл, яғни жиырма бестің көктемінде еліміздің түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар қызғалдақты мекенге тоғысып, Казталов ауданына табан тіреді. Бүгін аудандық мәдениет үйінде Қызғалдақты алқабымызды әнмен әспеттеп, күмбірлеген күйімізді күллі қазақтың құлағына сіңіріп, ұлттық құндылығымызды ұлықтау мақсатында және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай IV- Республикалық «Қызғалдақ – көктем» атты республикалық эстрадалық ән байқауы өтті.
Байқауға еліміздің бірнеше облысынан 17-32 жас аралығындағы 18-ге жуық жас таланттылар қатысты. Байқаудың талаптарына сай әрбір қатысушы 2 әннен орындады.

IV-Республикалық «Қызғалдақ көктем» эстрадалық әндерді орындаушылар байқауында Халықаралық байқаулардың лауреаты, облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Мәулет Өтемісұлы Жұбатов, Халықаралық, республикалық әншілер байқауларының лауреаты, өнер саласының үздігі, әнші-композитор Таңат Алпамысұлы Жексенбаев, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының әншісі Айбар Асқарұлы Хайырханов, Жастар сарайы және Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының әншісі Тарас Тілекқабылұлы Жауынбаев, Республикалық «Жас қанат» ән байқауының лауреаты, Е.Хасанғалиев атындағы «Атамекен» ән байқауының бас жүлдегері, БҚО мәдениет саласының үздігі Айбек Тілекқабылұлы Дәулетқалиев сынды мықтылар төрелік етіп, өнерлерін бағалады.

Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Серік Ерболатұлы Қайрлиев: -Қазақ халқы әрдайым дала сұлулығына көз суарып өмір сүрді. Себебі қазақ даласын гүлсіз елестету мүмкін емес даламызды әсемдікке баураған Қызғалдаққа арналған бүгінгі IV-Республикалық «Қызғалдақ көктем» эстрадалық әндерді орындаушылар байқауына қош келдіңіздер! 24-26 сәуірі күндері Казталов ауданында дәстүрлі «Ұлы даланың қызғалдағы» атты IV этномәдени фестивалі өтпек. Бүгін соның алғашқысы аудан орталығында өнер фестивалімен, Жалпақталда «Даламның жеті кереметі» атты суретшілер симпозиумымен бастау алып отыр. Негізгі фестиваль биыл батырлар мен өнер иелерін түлеткен қасиетті мекен – Қайыңды ауылында ұйымдастырылады. Яғни ертең Қайыңды ауылындағы қызғалдақ алқабында жалғасады. Іскер әйелдердің қолөнер бұйымдарынан қлттық көрме мен ұлттық спорт түрлері ұйымдастырылады. Сондай-ақ фестиваль аясында белгілі композитор Темірәлі Бақтыгереевтің 75 жылдығына арналған «Барып қайт, балам, ауылға» атты әдеби-музыкалық кеш өтеді. Ұлттық өнер мен салт-дәстүрді дәріптейтін, қызғалдақ гүлінің қасиетін танытатын ауқымды шаралардың тізбегі осындай, -деді өз сөзінде.
Өнер фестиваліне Ақтөбе облысы Ойыл ауданынан Асылхан Оспанұлы Өтенов пен Асыл Берікқызы Досбаева, БҚО Сырым ауданынан Мейірбек Алтынбекұлы Қанатов пен Нұрлыбек Қанатұлы Байнияз, БҚО Теректі ауданынан Ислам Мұратұлы Мұратов, Атырау қаласынан Ержан Абайұлы Мырзахметов, Қостанай қаласы, Федоровка ауданынан Тасқын Оңғарұлы Әжібай, Бөкей Орда ауданынан Ерасыл Сәрсенбекұлы, Түркістан қаласынан «Дарын» тобы, БҚО Казталов ауданынан Динара Исатайқызы Аубекерова, БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласынан Аружан Сағынқызы Баимурзина, БҚО Жәнібек ауданынан Айшат Ержанқызы Хамзина, Абай облысы, Семей қаласынан Олжас Сабыржанұлы Оспан, БҚО Бәйтерек ауданынан Нұрсұлтан Бекболатұлы Сақтай, БҚО Ақжайық ауданынан Али Абуұлы Орынов, Орал қаласынан Рустам Хафизов, БҚО Қаратөбе ауданынан Нұржан Байторыұлы Салауат, БҚО Жаңақала ауданынан Махамбет Нұрахметұлы Нұрахметов 2 кезең бойынша әндерін жоғарғы деңгейде орындап, көрермендердің ықыласына бөленді.
Жеңімпаздарды марапаттау қызғалдақты алқап Қайыңдыда өтетін болады.
Жұлдыз Асқар,
Казталов ауданы