5.10.2024, 15:00
Оқылды: 8

Казталов ауданы: спортты серік еткен ұстаздар аудандық спартакиадада бақтарын сынады

4 қазан күні спорт кешенінде Казталов аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен салалық кәсіподақтың 100 жылдығы және Ұстаздар күніне орай білім саласы қызметкерлері арасындағы аудандық спартакиадасының ашылу салтанаты өтті. 

image-05-10-24-04-03

Спартакиаданың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, білім беру саласы қызметкерлерінің арасында дене шынықтыру - сауықтыру жане спорттық жұмыстарды дамыту. Кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жетілдіру мен бірлігін нығайту.

image-05-10-24-04-03-2

Дүбірлі додаға Алма Оразбаева ат.ЖОББМ, Ақпәтер ат.ЖОББМ, Ахмедияр Құсайынов ат.ЖОББМ, Бірік ат.ЖОББМ, Болашақ ЖОББМ, Бостандык ат.ЖОББМ, Ғұмар Қараш мектеп гимназиясы, Ғали Бегалиев ат.ЖОББМ, Ғиянат Молдашев ат.ЖОББМ, Жаңажол ЖОББМ, Казталов мектеп-лицейі, Көктерек ат.ЖОББМ, Кенжебек Меңдәлиев ат.ЖОББМ, Қайынды ат.ЖОББМ, Қараөзен ат.ЖОББМ, Қоныс ЖОББМ, Талдыапан ат.ЖОББМ, Талдықұдық ат.ЖОББМ, Сарықұдық негізгі орта мектебі, Тереңкөл ат.ЖОББМ-нен 300-ге жуық ұстаздар сайысқа түсіп, бақтарын сынайтын болады.

Салтанатты ашылу салтанатында аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Джангереева, аудандық кәсіподақ комитеті филиалының төрағасы Асыл Кенжеғалиева, жарыстың бас төрешісі Даурен Кабдулов жарысқа қатысушы ұстаздарды мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.

image-05-10-24-04-03-1

Волейболдан І орынды Ғ.Молдашев ат.ЖОББМ, ІІ орынды Казталов мектеп-лицейі, ІІІ орынды Бостандық ат.ЖОББ мектебі алды. “Үздік шабуылшы” номинациясын Наурызбек Жұмагерей, “Үздік ойыншы” номинациясын Оразбек Шайзаденов, “Үздік қорғаушы” номинациясын Шынаргүл Тыныштық, “Үздік байланыстырушы” номинациясын Жоламан Тасбұлатов иеленді.

image-05-10-24-04-03 (1)

Дойбыдан Көктерек ат.ЖОББМ І орын, Ғ.Молдашев ІІ орын иеленсе, Казталов мектеп-лицейі ІІІ орынды місе тұтты.

Үстел теннисі бойынша І орынды А.Хұсайынов ат.ЖОББМ, ІІ орынды А.Оразбаева ат.ЖОББМ, ІІІ орынды Ғ.Қараш мектеп гимназиясы қанжығаға байлады.

Бес асық ату бойынша Ғ.Молдашев І орынды, Бостандық ат.ЖОББМ ІІ орынды иеленсе, А.Оразбаева ат.ЖОББМ қанжығасына байлады.

Жүлделі орын алған қатысушыларға дипломдар мен медальдар табыс етті.

Мейірім Парасат,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале