12.03.2026, 16:00
Оқылды: 29

Казталов ауданы: Талдыапанда ашық диалог алаңы ұйымдастырылды

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» бастамасы аясында аудандық штаб мүшелері Талдыапан ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіп, ашық диалог алаңын ұйымдастырды. Маңызды жиын Талдыапан жалпы орта білім беретін мектебінің ғимаратында өтті.

image-12-03-26-09-26-1

Кездесу барысында тұрғындарға алдағы референдумның маңызы мен мәні кеңінен түсіндіріліп, Қазақстан Республикасының Конституциясына – елдің Ата Заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Штаб мүшелері ұсынылып отырған өзгерістердің қоғам дамуы мен ел болашағы үшін маңыздылығына тоқталды.

Жиын ашық пікір алмасу форматында өтті. Ауыл тұрғындары өз ой-пікірлерін білдіріп, толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Еркін әрі мазмұнды әңгіме барысында тұрғындар ел дамуына қатысты бастамаларға бейжай қарамайтынын көрсетті.

image-12-03-26-09-26

Осындай кездесулер халықпен тікелей байланыс орнатуға, маңызды саяси шешімдер туралы тұрғындарды кеңінен ақпараттандыруға және азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына жол ашады. Талдыапанда өткен бұл диалог алаңы да ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың ортақ пікір алаңына айналды.

 

Ернәсіл Рысқалиев,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале