30.12.2023, 14:51
Оқылды: 43

Казталов ауданы: Түлектер "тұрғызған"​ клуб

Туған жерге деген патриоттық сезім – әр түлектердің жүрегінде сөзбен де, іспен де жаңғырып тұруы тиіс. Бұл бағытта "Туған жер" бағдарламасы аясында Казталов ауданында 77 млн. 400 мыңға 45 жоба жүзеге асып отыр.

IMG-20231229-WA0032

Бүгінгі күні көпкүтірлік түлектер игі істі жалғастырып, тағы бір нысанға толықтырды. Халыққа, әсіресе болашақ ұрпаққа маңызы бар мәдениет ошағын тұрғызуға бір кісідей ауызбіршілікпен жұмыла кірісті.

IMG-20231229-WA0035

Мақсат қойды. Бастады. Соның арқасында көпкүтірлік 1978 жылғы түлектердің қолдауымен 100 орындық​ «Ауылдық клуб» нысаны бой көтерді. Бәрекелді дерсіз! Әсте елді, жерді сүю осылай болса керек-ті!

IMG-20231229-WA0033

Ауылдық клубтың ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы Сарқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбай Меңдіжанұлы Молдашев ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтап,​ ауыл азаматтарына алғысхаттарын табыстады.

IMG-20231229-WA0034

Жұлдыз Асқар,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале