2.04.2025, 9:00
Оқылды: 239

Казталов ауданы: Тұрғындар тұрмысына аса қажет тас көпірлер уақытылы бөгелуде

Жыл сайын көктемгі су тасқынына байланысты ауданымызда төтенше жағдай шаралары толықтай қолға алынып, атқарылуға тиісті негізгі жұмыстар уақытылы жүзеге асырылып отырады. Онда күнделікті қадағалау жұмыстары назардан тыс қалып көрген емес.

IMG_5195

-Биылғы көктемгі су тасқыны ауданымызға айтарлықтай қауіп төндірген жоқ. Оған қарамастан тасқынға тосқауыл қою жұмыстары қарқынды жүргізілді. Қолдан келген мүмкіндікті қалт жібермей, төрт түлік малдың жылдық азығына сеп болуы үшін көлдіктер мен жайылмаларға қажетті суды шығарудамыз. Қазіргі уақытта Қараөзен өзені бойынша келген суды тиімді пайдалану жұмыстары әлі де жалғасуда. «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалы мен жергілікті коммуналды шаруашылық мекемесіне қарасты техникалардың күшімен тасқын су жырған Автобаза, Қараөзен (Құлақ), Зиеш, Гүрілдеуік маңындағы топырақ көпірлер жабьлып, қалпына келтірілуде. Оған жергілікті ауыл тұрғындары өз қуаныштарын жасыра алмай, шынайы алғыстарын білдіруде. Сондықтан біздер, жергілікті тұрғындарға жөнделген көпірлердің үстімен өткен кезде қауіпсіздік шараларын мейлінше сақтау керек екенін ескертеміз, - деді аудан әкімі Асланбек Сарқұлов.

IMG_5201
Ел игілі жолында ортақ шаруаны жүзеге асыру үшін жергілікті басшылар мен сала мамандарының істері берекелі болып, ауыл-елдің ырысы әр жыл сайын молая берсін!

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

IMG_5215

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале