11.03.2025, 15:00
Оқылды: 360

Казталов ауданы: Жаңа жобамен жасақталған мектеп-лицей

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі таңда елімізде «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасы іске асырылуда, оның ішінде «Ауылдық жерлерде тірек мектептерінің әуелетін дамыту» пилоттық жобасы қолға алынып, тың бастамалар өз жалғасын табуда. Осы бастама Казталов ауданы Казталов мектеп-лицейінің де тынысын ашып, «Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры арқылы 250 миллион теңгеге мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, жаңа техникалық, инновациялық және кәсіби бағыттағы арнайы кабинеттер ашылды.

IMG-20250311-WA0035
Жалпы Казталов мектеп-лицейінің іргетасы 1989 жылы Казталовка орта мектебі болып қаланып, 2002 жылдан бастап қазақ орта мектебіне айналса, 2019 жылы Казталов мектеп-лицейі статусын алды. 2022 жылы «Аманат» партиясының «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында «ГрадСтрой Сервис» ЖШС күрделі жөндеуден өтті. Осы жылдар ішінде талай шәкірттердің жүрегіне нұр төгіп, қанаттарын қатайтып, болашақ өмірге түлетіп ұшырды. Мектептен түлеп ұшқан шәкірттердің арасында облыс, республикаға танымал болған еліміздің экономикасын дамытып, әлеуметтік жағдайын жақсартуға түбегейлі үлес қосқан әлі де еңбек етіп жүрген азаматтар аз емес. Сонымен қатар мектеп түлектерінің соңғы оқу жылдарында Ұлттық бірыңғай тестілеуен өтіп, грант үлесі бойынша түлектер жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Мысалы: 2020-2021 оқу жылында 30 түлектің 26-сы, 2021-2022 оқу жылында 26 түлектің 25-сі, 2022-2023 оқу жылында 28 түлектің 20-сы, 2023-2024 оқу жылында 18 түлектің 14-і грант иегері атанды. 12 мектеп түлегі «Алтын белгі» белгісімен, 2 мектеп түлегі Үздік аттестатпен тәмамдап ата-ана мерейін үстем қылды. Мектеп-лицей осындай шәкірттерімен мақтана алады.

EP6A9973
Қазіргі таңда мектеп-лицейде 596 оқушы білім алуда. Оның ішінде 30 сынып жиынтығы бар. 46 тәрбиеленуші мектепалды даярлық сыныбында, 1-4 сыныптарда 246 оқушы, 5-8 сыныптарда 202 оқушы, 9-11 сыныптарда 102 оқушы білім нәрімен сусындануда. Білім сапасы да жыл сайын өсу динамикасымен көтеріліп отырса, биылғы оқу жылында 71 пайызды көрсетіп отыр.

EP6A9894
Өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп болса, сол мектептің басты тұлғасы, тірегі-мұғалім. Мектепте 70 педагог қызмет етеді. Педагог-шебер санатында - 1, педагог-зерттеуші - 19, педагог-сарапшы - 16, педагог-модератор біліктілігінде - 21 мұғалім. 6 мұғалім магистр дәрежесінде. Орта білім беру саласында жұмыс істейтін педагогтар үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісін бастауыш сынып мұғалімі Ш.Темірғалиева, Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының БҚ Республикалық ұйымының төсбелгісін бастауыш сынып мұғалімі Қ.Жүнісова иеленсе, Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен информатика пәнінің мұғалімі Н.Хайрушев, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Өтегенова, Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Байдуллина, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Есенғазы, бастауыш сынып мұғалімдері Т.Утешева, Ш.Темірғалиева, Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының БҚ Республикалық ұйымының Құрмет грамотасымен технология пәнінің мұғалімі Г.Жумашева, Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасының Құрмет грамотасымен 16 педагог марапатталды.

EP6A0011
Жобаны іске асырудың бірінші кезеңінің нәтижесінде мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, заманауи пәндік және цифрлы кабинеттермен жабдықталды. Сондай-ақ, жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету мәселесі де оң шешімін тапты.
Жобаға қатысушы мектеп педагогтары цифрлық құзыреттілікті арттыру және кәсіби дамытуға бағытталған арнайы курстардан өтуде. Сонымен бірге Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебімен, Орал қаласы филиалының Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлескен жұмыстар атқарылуда. Жоба басталғалы аталған ұйымдармен бірлесе өткен форумдарда мектеп өз нәтижелерін көрсетуде. «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» ІІІ аймақтық форумда Казталов мектеп-лицейінің жас мамандар командасы жүлделі ІІ орынды, «Көшбасшылар синергиясы: балабақша және мектеп» аймақтық форум шеңберінде «Step to transformation» байқауында Казталов мектеп-лицей командасы жүлделі ІІ орынды иеленді.
Бүгінгі күні «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен мектепалды даярлық, бастауыш сыныптар, ағылшын тілі, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, физика, математика, биология, химия, география, информатика, Алғашқы әскери дайындық, технология және спорт зал, акт зал кабинеттері толығымен жабдықталса, жаңадан Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасауға арналған арнайы кабинеттері, «Шаштараз», «Audio студия», «Лингофон», «Мүсіндеу», «Art студия», «STEM», «Телестудия», «Гидропоника» сияқты кабинеттері ашылды.

EP6A9995
Атап кету керек, осыған дейін де мектеп-лицейде өзіндік «Kim Bolam» мамандық таңдаудың жолы-кәсіби бағдар беру инновациялық жобасы қызмет жасап, педагогикалық сынып ашылған болатын. Аталған кабинеттер мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беруге үлкен септігін тигізері сөзсіз.

EP6A9861
Аудан орталығындағы «Білім мен шабыт» мекені атанған мектеп-лицей бірнеше инновациялық жобаларды іске асырып, педагогтары мен оқушылары республикалық, облыстық байқауларда жүлдегер атанып келеді. Мектеп-лицей облыстық «Үздік жетекші мектеп» байқауынан І орын, «Үздік жазғы мектеп» байқауынан ІІ орын, «Үздік мектеп ұжымы», «Үздік әлеуметтік желі парақшасы» премияларын иеленді. Ал мектеп оқушылары биыл оқу жылында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасынан А.Ғабитова, А.Бекқали, А.Ғазизова, «Зерде» республикалық зерттеу жобалар байқауынан А.Төлеген жүлделі ІІІ орынды иеленді. Халықаралық «Roboland-2025» роботтехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестиваліне И.Ниетқалиев, М.Ермұқан, Ұлттық мектеп-лига жарыстарының «Бес асық» ойынының республикалық кезеңіне Казталов мектеп-лицей командасы жолдама алып отыр.

EP6A9872
Жаңа өзгерістерге қадам басқан мектебіміздегі жаңалықтар мен жаңаша бастамалардың бәрі де білім алушылардың білім сапасын арттырып, қолайлы жағдай жасау болмақ. Осы бағыттағы мемлекетіміздің үлкен қолдауы айрықша сезіледі. Демек, бұл базалық жаңартудан өткізілген Казталов мектеп-лицейі ұжымының алдында үлкен міндеттер мен жауапкершіліктердің тұрғаны анық.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале