21.09.2024, 12:30
Оқылды: 82

Казталов ауданы: жәрмеңкеде сауда қызып тұр

Бүгін Казталов ауданы орталығындағы орталық базарда ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмекесі өтіп жатыр. Жәрмеңкеге өңірдегі ауылдық округтеріне қарасты шаруашылықтар өз өнімдерін әкеліп сатуда.

IMG20240921092712

Жәрмеңкеге келсеңіз ет, сүт өнімдері мен бақша дақылдарын сатып аласыз. Базарға келген ауыл тұрғындарының қарасы қалың, сауда қызып жатыр.

IMG20240921092724

Қысқа дайындалған тұрғындар қияр мен қызанақты, асқабақты молынан алуда.

IMG20240921094025

Базар сөрелерінде қаймақ, май, құрт, ірімшік, құртмай, қақталған құйрық, шұжық пен қойдың семіз еті бар. Сонымен қатар базарға саттыққа балық та келіп жатыр.

Нұр Рахман, 

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале