Казталов ауданының Бостандық ауылы ішіндегі жолдарды қайта жаңарту жұмыстары былтыр басталған еді. Жолды ұтып алған мердігер «Жайық Сити» ЖШС өткен жылы жолдың астыңғы қабатын жасаса, биыл жол құрылысын жалғастырып жатыр.
Жоба бойынша жалпы 3,1 шықырым құрайтын 5 көшеге қара жамылғы төсеу және 1,7 шақырым тротуар салу жоспарланған. Жанданып жатқан жол құрылысы қалпына келтіріліп, қазіргі уақытта асфальт жамылғысын төсеуге дайын тұр.
Мамыр айының соңында «Ұлттық жол активтері сапасы» БҚО филиалы мамандарымен құрылыс материалдарының және жол негізінің сапасы және жарамдылығы тексеріліп, оң нәтижесі берілді. Мердігер ағымдағы жылдың маусым-шілде айларында нысанды жобаға сәйкес толықтай аяқтап, ел игілігіне пайдалануға береді деп күтілуде.
Нұр Рахман,
Казталов ауданы